Маңғыстау өңірінде құрылыс жұмыстарының көлемі 23,3 пайызға азайды

АҚТАУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2009 жылдың қаңтарында облыстағы құрылыс ұйымдарымен мердігерлік келісім бойынша орындалған құрылыс жұмыстары және қызметтердің көлемі,
None
None
қосымша есептеумен 4,166 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,3 пайызға аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.Құрылыс жұмыстарының басым бөлігін отандық жекеменшік құрылыс ұйымдары атқарды, олар жұмыстың 73,4 пайызын, ал шетелдік құрылыс мекемелері 26,5 пайызын жүргізген. Орындалған жұмыс көлемінің айрықша бөлігі, құрылыс-монтаж жұмыстары ? 54,7 пайыз, күрделі жөндеу ? 12,2 пайыз болды. Ал ағымдағы жөндеу мен басқа да мердігерлік жұмыстардың үлесі 3,1 пайызды құрады.
Соңғы жаңалықтар