Маңғыстау стансасында ер адам «героинмен» ұсталды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Ақтау стансасындағы ІІЖб-нің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында Маңғышлақ стансасынан 1970 жылы туған, Маңғыстау облысының тұрғыны, Г. есімді азаматты ұстады.
None
None

Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы 102, 41 грамм болатын «героин» есірткі заты тәркіленді.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 259 бабы 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар