Маңғыстау тұрғындарының саны 424,6 мыңға жетті

АҚТАУ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Шамамен есептелген мәліметтер бойынша, 2008 жылдың 1-ші желтоқсанына облыс халқының саны 424,6 мың болды. Оның 57,1 пайызы қалалықтар болса, 42,9 пайызы ауылда тұрады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында халықтың табиғи өсімі 9857 адам болды. Бұл көрсеткіш 2007 жылы 8374 адам болған. Осы кезеңде АХАЖ органдарында жаңа туылған 12542 бала тіркелген. Қалаларда дүниеге келген нәрестелер саны 2007 жылға қарағанда 9,8 пайызға артып, ол 6962 баланы құрады. Ал ауылдық жерде бала туу 20,44 пайызға көбейіп, 5580 сәби туылған. Осы уақыт аралығында 2685 адам қайтыс болған. Олардың 36,7 пайызы қан айналым жүйесі ауруларына шалдыққан. 2008 жылы өз-өзіне 66 адам қол жұмсаған. Бұл алдыңғы жылдан 23-ке азайды, ал кісі қолынан қаза болғандар 4 адамға көбейіп, 33 болды. Сондай-ақ 1 жасқа дейінгі 261 нәрестенің шетінеп кеткені тіркелген. Қаңтар-қараша айлары аралығында некеге тұрғандар саны - 4441 болса, ажырасқандар саны 802-ге жеткен. Бұл көрсеткіш 2007 жылдың сәйкес кезеңінде 4339-871 болған.
Соңғы жаңалықтар