Маңғыстау тұрғынынан 200-дей киік мүйізі табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 198 дана киік мүйізін сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау тұрғынынан 200-дей киік мүйізі табылды

41 жастағы ер адам мүйіздерді Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында өз үйінің қорасында сақтаған.

«18 тамызда Бейнеу аудандық полиция қызметкерлерімен бірге жоспарға сай «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде бейнеулік тұрғыннан 2 қапқа салынған 198 дана киік мүйізі табылды. Ол мүйіздерді сатып алғанын айтып отыр», - деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов.

Аталған факт тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.