Маңғыстауда 2012 жылдың үздік студенті анықталды

 АҚТАУ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Жыл студенті - 2012» байқауының қорытындылары шығарылды.
None
None

«Жыл студенті - 2012» байқауының бас жүлдесін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің теңіз технологиялары институтында «құрылыс» мамандығы бойынша үшінші курста білім алып жүрген Нұрлан Әділбаев жеңіп алды.

«Үздік талантты студент» аталымында сол ЖОО-ның «теңіз техникасы мен технологиясы» мамандығы бойынша білім алып жүрген екінші курс студенті Айтжан Шоқан жеңіске жетті.

Ш.Есенов атындағы КМИжИУ-гі мұнай және газ институтында мұнай және газ ісі» мамандығы бойынша білім алып жүрген 3-ші курс студенті Айбек Имашев «Ең спортшы студент» атағына ие болды.

«Ең өнерлі студент» болып сол ЖОО-да «Қаржы» мамандығы бойынша білім алып жүрген екінші курс студенті Гүлмоншақ Абай таңдалса, Азамат Шәдіров - «Ең белсенді студент» атанды.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушыларға - алғысхаттар табысталды. Шараны облыстық жастар саясаты орталығы ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар