Маңғыстауда 7 мектеп түлегі жол-көлік оқиғасынан зардап шекті
«25 мамыр күні Сайотеса ауданындағы тасжол бойында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 мектеп бітіруші түлек зардап шекті. Жетеуі де түрлі деңгейдегі жарақат алған, оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әділ.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен екі жасөспірім санитарлық авиацияның көмегімен облыстық ауруханаға жеткізілген.
«Зардап шеккен 2 жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қалған 5-нің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Барлығы да Маңғыстау аудандық ауруханасында ем алып жатыр». – дейді Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.
Осыған дейін Таразда мектеп бітіруші түлек көлікпен каналға түсіп кеткені туралы хабарлаған едік.