Маңғыстауда әскери қызметкерлер марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай Ақтауда салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Жиынға облыс басшысы мен орынбасарлары, облыстың мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшылары, облыс мәслихатының депутаттары, азаматтық қоғам институттарының жетекшілері мен жастар белсенділері және ҚР Қарулы күштерінің офицерлері мен қызметкерлері қатысты.  
 Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жиналғандарды мерекемен құттықтады.

«Қазақта «Ерлік - елге ұран, ұрпаққа өнеге» деген сөз бар. Кешегі елімізді жаудан қорғап, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаның ерлік рухы бүгінгі Отан қорғаушыларға үлкен үлгі болары сөзсіз. Әскери қызметкерлерімізді, ардагер ағаларымыз бен аталарымызды, ҚР Қарулы күштер қатарындағы сарбаздарымызды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және барша маңғыстаулықтарды қасиетті Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Қасиетті елдің қасиетті азаматтары байрағымызды көкке көтеріп, Тәуелсіз Қазақстанның туы желбірей берсін!»- деп тілек білдірді Ералы Тоғжанов.

Мұнан соң аймақ басшысы қорғаныс саласына қосқан үлесі үшін және әскери борышын өтеу кезіндегі мінсіз қызметі үшін әскери қызметшілер мен ардагерлерлерді марапаттады.  ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен қорғаныс істері департаменті басшысының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник  Сейілжан Ерсұлтанұлы Бекмұратов, «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» медалімен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы  Марат Жаңабайұлы Жайлаубаев марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі Ақтау қ. қорғаныс істері басқармасының кадр бөлімінің бастығы, капитан  Талғат Тезекбайұлы Нұрғазиев, капитан, 30153 әскери бөлімі әуе-инженерлік қамсыздандыру бөлімінің ұйымдастыру-жоспарлау қызметінің бастығы  Мадияр Құрашұлы Әбдірахманов, 30153 әскери бөлімінің командалық торап есебі бөлімшесінің  бастығы, кіші сержант  Мақсұтхан Егізбайұлы Оразбеков, 29011 әскери бөлімінің штабтық батальонының бөлімше командирі, аға сержант Асқар Еділбайұлы Тастаев, , 29011 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының жүргізушісі, кіші сержант Бекбол Орынтайұлы Байболовқа берілді. Сондай-ақ,  «Мемлекеттік шекараны үздік күзеткені үшін» медалі, кезектен тыс әскери шені, облыс әкімінің Алғыс хаты да сала мамандарына табысталды.
 

ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын мерекелік концертке жалғасты.  
                                

Соңғы жаңалықтар