11:38, 24 Қаңтар 2009 | GMT +5
Маңғыстауда ауыл шаруашылығы өнімдері 2,8 пайызға артты
АҚТАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - 2008 жылы облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі тұтастай алғанда бағалау бойынша ағымдағы бағамен 3072,4 млн. теңгені құрады.

Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. 2008 жылы өңірде мал мен құс етінің барлық түрін өндіру 2007 жылға қарағанда 1,8 пайызға көбейді. Ет өндірудің артуы Жаңаөзен қаласы мен Қарақия, Маңғыстау аудандарынан басқа жерлерде де байқалды. Сүт өндіру - 7,4, жұмыртқа 4,5 пайызға артты. 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2008 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында мал басының қай түрінің де өсімі артқаны анықталды. Атап айтқанда, ірі қара мал ? 7,1, қой мен ешкі ? 7,2, жылқы ? 7,9, түйе - 3,2, құс - 16,8 және шошқа 19,6 пайызға көбейген. Ал 2009 жылдың қаңтарының 1-індегі мәліметтерге қарағанда, алынған мал өсімі бойынша бұзау саны - 2558, торай -1258, қозы мен лақ ? 278997, құлын ? 8989, бота 8098-ға жеткен. Сондай-ақ ірі қара мал - 10287, қой мен ешкі - 562741, шошқа - 696, жылқы - 39060, түйе - 41401, құс 12842 бас болды.