00:10, 20 Қаңтар 2020 | GMT +5
Маңғыстауда автобус пен көлік соқтығысып, екі адам мерт болды
ШЕТПЕ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының «Шетпе – Таушық» тасжолында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz ресурсына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 18 қаңтар күні Ақтау қаласынан 100 шақырым қашықтықта болған. Hyundai маркалы автобус пен Hyundai Starex көлігі соқтығысқан.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына 4 жедел жәрдем көлігі және бір санитарлық авиация бригадасы барған.
Жол апатынан 6 адам зардап шекті. Барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарақат алғандардың екеуі көз жұмған.
Жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.