Маңғыстауда ер адам турникке асылып қалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында турникке асылып қалған ер адам анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, әңгіме суицид жөнінде болып отыр, деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Оқиға Қарақия ауданының Құрық кентінде болған. Туыстары 51 жастағы ер адамды жіпке асылып тұрған жерінен тауып алған, деп жазады Лада.кз .
Қайғылы оқиға болған жерге жеткен тергеу-жедел тобы өлген адамның денесінен зорлық-зомбылық белгісін тапқан жоқ. Суицидтің себебі ер адамның ауыр дертке ұшырауы болуы мүмкін.
Оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.