Маңғыстауда Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдық мерейтойы атап өтілді

АҚТАУ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Биыл қазақтың ән саңлағы, халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің туылғанына – 100 жыл. Мерейтойлы дата ең алғаш Маңғыстауда аталып өтті.
None
None
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Ғарекеңнің әніне жаным ғашық» атты ән кеші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кешке Ғарифолла Құрманғалиевтің немересі алматылық Меруерт Құрманғалиева, Ғ.Құрманғалиев атындағы, Мұхит атындағы республикалық байқаулардың лауреаты, атыраулық әнші Ажар Сейтенова және ән саңлағының өнердегі ізбасарлары мен шәкірттері - маңғыстаулық әншілер қатысты. Меруерт өз атасы туралы естеліктер айтып, Ғ.Құрманғалиевтің өмір мен өнер жолы бейнеленген деректі бейне-фото фильмді көпшілік назарына ұсынды. Көпшілік Ғарекеңнің өзі орындаған әндерді таспадан тыңдады. Маңғыстаулық өнер тарландары Күріш Тасболатов, Ақмарал Ерімбетова, Нұрияш Оспанова, Бауыржан Сатыбалдиевтер де Ғарекеңнің репертуарынан әндер орындап, естеліктер айтты. Кешке жиналғандар осындай кешті ұйымдастыруға мұрындық болған университет ректоры Ә.Әбжаппаровқа алғыстарын білдіріп, қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етті.
Соңғы жаңалықтар