Маңғыстауда Қаламқас кен орнында төтенше оқиға орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаламқас кен орнында болған апатты жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
None
None

«Ағымдағы жылғы 20 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат таңертеңгі 6-да Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаламқас кен орнының №5759 ұңғымасында төтенше оқиға орын алды.
Газ-су пайда болу салдарынан ағын 5 метрге дейін жетті. ҚР ИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Маңғыстау филиалының жедел атқыламаға қарсы тобынан 14 кәсіби құтқарушы құрамы ақпаратты алған сәтте бірден апатты жою үшін оқиға орнына аттанды», - делінген хабарламада.
Ведомство ақпаратынша, апат орнына келген құтқарушылар ұңғыма ернеуіне дейінгі жерді газоаналитикалық аппаратурасымен зерттеді, сағаны тазартып, ұңғыма маңындағы үйіндіні бульдозермен тазалады.

Соңғы жаңалықтар