Маңғыстауда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Банктің жаңа бөлімшесі ашылды
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат. Халық Банкінің филиал желісін дамыту аясындағы басымдықты міндеттерді шешу шеңберінде Маңғыстау өңірінде облыс басшылығы мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басшыларының қатысуымен Банктің жаңа бөлімшесін ашуға арналған салтанатты рәсім өткізілді, деп хабарлайды «Қазақстан Халық Банкі» баспасөз қызметі.
Қазақстан Халық банкінің № 239904 жаңа ЕКБ (есеп айырысу-касса бөлімшесі) Ақтау қаласындағы «ОАЗИС» тұрғын үйлер кешенінде бой көтерді. Аталған оқиғаға орай ұйымдастырылған салтанатқа облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Банк Басқармасының төрағасы Үміт Болатханова, Банктің Маңғыстау облыстық филиалының директоры Виталий Чеусов, сондай-ақ қала тұрғындары мен Банк клиенттерінің өкілдері қатысты.
Банктің жаңа бөлімшесінің құрылысы бүгінгі күнгі талаптар мен стандарттарға сәйкестікпен жобаланып салынды. Жалпы аумағы 300 шаршы метрден асатын бөлімше ғимаратында төрт кассалық кабина жұмыс істейді, клиенттерге қызмет көрсету аймағы арнайы бөлінген және банкомат пен банктік терминал орнатылған. Бөлімшеде клиенттерге қызмет көрсету швециялық NEMO-Q электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Жеке тұлға-клиенттерге неғұрлым ыңғайлы болу үшін депозиттер мен карточкалық шоттар ашу және оларды жүргізу, бөлшек кредиттер ресімдеу бойынша банк өнімдері мен қызметтерінің толық пакеті ұсынылады.
Өңірдегі жаңадан ашылып отырған Халық банкінің Маңғыстау облыстық филиалына қарасты № 239904 осы ЕКБ айына 15 мыңнан астам клиентке қызмет көрсетеді деп күтілуде.
Банктің тағы бір жаңа бөлімшесінің ашылуы - біздің филиалдар желісін
одан әрі дамыту, материалдық - техникалық базасын жетілдіру және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында алға қойылған міндеттерді шешудің бір көрінісі,- деп атап өтті Банк Басқармасының төрағасы Ү.Шаяхметова. - Жылдан-жылға Халық банкі бұл мәселені үнемі назарда ұстап, жаңадан сату арналары мен нүктелерін ашу және өңірлердегі өз клиенттеріне барынша жақындау арқылы сәтті шешуге қол жеткізіп келеді.