14:46, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Маңғыстауда салынатын теміржол желілеріне 94 млрд. теңге қарастырылып отыр
АҚТАУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүрген «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті Асқар Мамин облыс белсенділерімен кеңес өткізді.
Кеңес барысында аймақты дамытудың бірлескен жобалары талқыланды. Мәселен, Маңғыстау стансасының теміржол вокзалында облыстық бюджет есебінен 70 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2006 жылы ҚР-ның 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясы бекітілген. Онда ҚР-ның стратегиялық маңызды даму бағдарламасының аясында Маңғыстау облысы да қамтылған. Осы құжатта Маңғышлақ-Баутино, Ералиев-Құрық және Өзен мемлекеттік шекара теміржол желілерінің жаңа құрылысы үшін 94 млрд. теңге бөлу көзделген.