Маңғыстауда той кортежіне оқ атқандарды жауапқа тартты

АҚТАУ. ҚазАқпарат -  «Жаңаөзен-Ақтау» жолында той кортежіне оқ атқан жағдайдың егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Маңғыстауда той кортежіне оқ атқандарды жауапқа тартты

«Қоғамдық тәртіп, Жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар орын алды. Жаңаөзеннің үш тұрғынына қатысты материалдар толтырылып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті облыстың ІІД баспасөз қызметінде.

 «Бұл 1993 жылы туған  «БМВ»   көлігінің жүргізушісі  ӘҚтК 595-б, 2-б., 593-бабы 8-бөлігі бойынша, 1997 жылы туған «Лексус-570»   көлігінің жүргізушісі 595-б, 1-б, 593-б, 8-б, 590-б, 4-б, 612-б, 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Жалған нөмір тәркіленді.

ӘҚтК 590-бабы 4-бөлігінде көзделген бұзушылық фактісі бойынша материал қарау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. 1997 жылы туған Лексус-570» көлігінің жолаушысына қатысты 434-бабы және 436-бапта  көзделген бұзушылық бойынша материал толтырылды», - деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Жазира Әбіл.

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video) Мар 15 2017 в 12:17 PDT