15:04, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
Маңғыстаудағы демалыс базалары мен қорымдар аумағынан миналар мен гранаталар табылып жатыр
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысы жылдарынан қалған артиллериялық снарядты соңғы рет 2013 жылы 1 сәуірде Түпқарағай ауданы Баутино ауылында теңіз портына тиесілі теңіз түбін тереңдету бойынша жұмыстар кезінде азаматтық ұйым қызметкерлері тапқан.

Биыл да мұндай заттар шығып жатыр. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов төрағалық еткен иесіз ату жарақтары, оқтар мен қаруды анықтап, жою мәселесі бойынша жиында осы туралы сөз болды. «2015 жылы 25 наурызда Түпқарағай ауданы Ақшұқыр ауылы «Қошқар-Ата» қорымы аумағында танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы миналар, оқу гранаталары мен оқу тұтандырғыштары табылды», - деді Ақтау гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Қасен Рахматулин.