Маңғыстаудағы Қазақстандық үлесті ұлғайту туралы қол қойылған меморандумдардың 229 миллиард теңгені құрайтын жалпы құны ? еліміздегі рекордты көрсеткіш ? Вице-премьер

АҚТАУ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев облыстағы ірі кәсіпорындар, жергілікті тауар өндірушілер және қызмет ұсынушылар арасында Қазақстандық үлесті ұлғайту туралы өзара түсіністік пен әріптестік жөніндегі қол қойылған меморандумдарға жоғары баға берді.
None
None
Вице-премьер тараптарға меморандумдардың нақты мәмілелер мен келісімшарттарға айналып, ел экономикасына қозғау салуы қажеттігін қатаң тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Еліміз бойынша қабылданып жатқан осындай меморандумдардың қаржылай міндеттемелері Маңғыстау облысында ең рекордты деңгейге жетіп отыр. Мәселен, таяуда Өскеменде 15,7 млрд. теңгенің меморандумына қол қою рәсіміне қатысқан болсақ, Талдықорғанда 18 млрд., Алматыда 100 млрд. теңгенің меморандумына қол қойылды. Ал Ақтауда бұл сома 230 млрд.-қа жуықтады. Бұл көрсеткіштердің әлі де арта түсетініне сенімдімін. Оған өңірдің әлеуеті де, ресурсы да жетеді», деді Өмірзақ Естайұлы.16 меморандумға 21 кәсіпорын басшылығы қол қойды. Сатып алушылар тарапынан «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз»Б.Ө.» АҚ, «ҚаражанбасМұнай» АҚ, «ТолқынНефтеГаз» ЖШС және т.б. ірі мұнай компаниялары шықса, қызмет пен тауар ұсынушылар арасында «МАЭК-КазАтомПром» ЖШС, «КаскорМашЗавод» АҚ сынды бірқатар ірі өндірістік компаниялармен қатар, жергілікті сүт, кондитер өнімдерін өндіруші, пластик терезе жасаушы, киім тігуші кәсіпкерлер де болды. «Қазақстандық үлесті арттыру Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан шаралар. Бұл өтпелі кезеңде уақыт талап етіп отырған батыл қадам болып отыр. Сондықтан да, ішкі рыноктың ұсынысына қарамай, шетелдік өнімге жүгінген кәсіпорындар кен өндірушілер туралы, әкімшілік және қылмыстық заңнамалар бойынша жауапқа тартылатын болады. Қазір Қазақстандық үлес туралы ұғым ? айқындалып, заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы қазір әзірленуде», деді Вице-премьер.
Соңғы жаңалықтар