Маңғыстаулық әскери тұтқынның сүйегі Чехиядан табылды

АСТАНА. Қаз Ақпарат - Сүйегін Чехиядағы еріктілер тапқан Тайлақ Әлібидің туыстары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушының зиратына барып, оның сүйегін өз отанында қайта жерлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ЛАДА. 
None
None

2016 жылы Чехияның Оломоуцк өңірі Йесенице округінде іздеушілер 16 қазақстандық әскери тұтқынның жерленгенін анықтады. Солардың ішінен Маңғыстаудың тумасы, қатардағы Тайлақ Әлібидің мәйіті табылды.

null 

«Йесенице округінде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында немістердің 60 еңбек лагері орналасқан. Кеңес Одағының, Ұлыбританияның, Франция мен Польшаның алты мыңға жуық әскери тұтқыны осы жерде еңбек етті, осы жерде көз жұмды. Қазақстанның Чехиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімов қаза тапқан кеңестік әскери тұтқындардың зиратына барып, гүл шоқтарын қойды», - деп хабарлады ҚР-ның Чехиядағы елшілігі.

Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылында Тайлақ Әлібидің туыстары: оның 77 жастағы ұлы Далубай Тайлақов, жұбайы Зияданың кіші інісі - Төлесін Көшеков және соғысқа қатысушының жиендері тұрады.

null 

«Хат алмасу 1943 жылы тоқтады. Біз оны із-түзсіз жоғалып кетті деп ойладық. 2016 жылы ҚР-ның Чехиядағы елшілігі Маңғыстау аудандық әкімдігіне Тайлақ Әлібидің туыстарын іздейтіндігі туралы хат жолдады. Хатта туысымыздың сүйегін Чехиядағы еріктілердің іздеп тапқаны  баяндалды. Хатпен қоса сурет пен оның дерегі жіберіліпті. Біз оның сүйегі табылады деп күтпеген едік», - деді Тайлақ Әлібидің туыстары.

Тайлақ Әлібидің туыстары оның сүйегін Тұщықұдыққа әкеліп жерлегісі келеді. 

Соңғы жаңалықтар