17:34, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Маңғыстаулық «Ер Төстік» ер балалар хоры Австриядан күміс жүлдемен оралды
АҚТАУ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Франц Шуберт атындағы 26-шы Халықаралық конкурсқа қатысып қайтқан маңғыстаулық «Ер Төстік» ер балалар хоры Австриядан күміс жүлдемен оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Конкурсқа Еуропаның 12-ге жуық елінен хор ұжымдары қатысқан.
«Ер Төстік» ер балалар хоры 2008 жылы Ақтау қаласындағы Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінде құрылған болатын.
Конкурста «Ер Төстік» хоры Шуберттің «Сәлем, көктем», «Сарбаз маршы» т.б. шығармаларын орындаған.
Хор репертуарында әлем композиторларының туындылары бар.
«Ересектер, аралас жастағылар, балалар арасында болып 3 аталым бойынша өткен конкурстан «Ер Төстік» Венада өтетін фестивальге жолдама алып келді. Өнерпаз ұландарды алдағы жылы Қытайда өтетін кезекті конкурсқа дайындаудамыз», дейді МО Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің директоры Рухия Батыршеева.