Маңғыстаулық таеквондошы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстаулық таеквондошы Эльдар Бірімбай Словенияның Любляна қаласында өткен халықаралық «Slovenia Open» рейтингтік турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: instagram.com/sport__mangystau

Қазақстан құрамасы таеквондодан халықаралық турнирде 1-орын алды. Атап айтқанда, қазақстандық таеквондошылар рейтингтік турнирде 5 алтын, 7 күміс, 13 қола медаль иеленді. Қазақстан қоржынына 68 келіде маңғыстаулық Эльдар Бірімбай алтын жүлде салды.

«Бұл жарыс - әлем чемпионатына іріктеудің бірінші кезеңі. Біздің мақсатымыз - Азия, Әлем, Олимпиада шыңына шығу» - деді Маңғыстау облыстық таеквондо федерациясының ересектер арасындағы аға жаттықтырушысы Қуанғали Дастанұлы.

25-26 ақпан күні өткен G-1 санатындағы додаға әлемнің 50 елінен 1000-ға жуық спортшы қатысты.


Соңғы жаңалықтар