Манилада грек-рим, еркін және әйелдер күрестерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл дүбірлі додада ел намысын әйелдер күресінен Әлбина Әбілева (44), Гүлмира Ысқақова (48), Зүлфия Яхъярова (51), Мөлдір Сақымбекова (55), Жулия Сәтімбекова (59), Татьяна Захарова (63), Татьяна Костюкевич (67) пен Евгения Степовая (72 килә) қорғайды. Бапкерлер бұл жолы еркін күресте 50, 55, 60, 66, 74, 84, 96 және 120 килә салмақтарда бақ сынайтын Марғұлан Жүсіпов, Дәулет Ниязбеков, Саятбек Оқасов, Дәурен Жұмағазиев, Жанболат Мақзұмов, Ислам Әзизов, Ғани Ізмағамбетов пен Мұса Мамедовке сенім артып отыр. Сондай-ақ грек-рим күресі шеберлері де 8 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Олардың арасында Артур Үмбетқалиев, Мәди Жарболов, Ербол Киікбаев, Ренат Нығматулин, Досжан Қартықов, Жасұлан Қожанов, Жанарбек Қабдолов және Самалбек Нысанбаев бар.