Мансұр Бейсембай велоспорттан Азия чемпионатының жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Әл-Қассим қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан сары құрлықтың додасында қоржынымыз кезекті жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін U23 санатындағы ерлер 122,5 шақырым болатын топтық бәсекеде сынға түсті. Нәтижесінде Мансұр Бейсембай мәреге екінші болып жетіп, күміс медальді мойынына тақты.
Айта кетейік, Мансұр Бейсембай бұған дейін жеке сайыста чемпион атанып, командалық бәсекеде күміс жүлдені еншілеген еді.
Азия чемпионаты 12 ақпанда мәресіне жетеді. Биылғы додада Азия құрлығының 22 елінен 621 спортшы жүлдеге таласып жатыр.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын 7 медальмен аяқтады.
Надежда Дубовицкая Азия чемпионатында биіктікке секіруден күміс алды.