Марат Әзілханов ҚХА төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Азильханов освобожден от должности заместителя председателя АНК
Фото: Ақорда

-Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды,-делінген хабарламада. 

Туған күні мен жері: 1965 жылы 3 қаңтар, Қызылорда облысы, Қазалы қаласы.

Білімі: 1988 жылы – Қарағанды мемлекеттік медицина институты, 2000 жылы – Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Академиясы, 2019 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Жұмыс тәжірибесі:

1988 - 1989 жылдары – Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігері;

1989 - 1992 жылдары – Қызылорда қалалық №5 емханасының хирург дәрігері;

1992 - 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы қызметі;

2011 - 2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары;

2013 - 2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы;

2014 - 2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі

2016 - 2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы

2018 - 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы

2019 - 2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі

2021 жылғы сәуірден қазірге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болды.

Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс, ағылшын

Марапаттары: «Құрмет» (2016), «Парасат» (2024) ордендері, «Жауынгерлік ерлік үшін» медалі (2009), 7 мерекелік медаль

Осыған дейін Ерлан Қариннің жаңа лауазымды қызметке тағайындалғанын жаздық.