Марат Тәжин ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды

АНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қыркүйектің 4-індегі №864 Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалып, ол Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
 
 Мемлекетті дамытудың стратегиялық мәселелеріне жауап беретін осынау маңызды органның басшылығына Марат Мұхамбетқазыұлы осымен төртінші рет келіп отырғанын ескерсек, билік дегдарында айрықша орын алатын мұндай ауқымдағы тұлғаның бұл тағайындалуын қатардағы кадр ауыстырылуы деп санауға болмайтыны түсінікті. 

 Президенттің таңдауы тіпті де кездейсоқ емес. Тәжин Қауіп­сіз­дік Кеңесін нығайту тапсырма­сы­мен келгендігі анық. Әлемнің көптеген елдерінде, мәселен, АҚШ-та, Ресейде, бұл орган билік құрылымдары баспалдағы­ның ең жоғарғысында тұр және міндеттердің кең ауқымын - тал­дамалық, ақпараттық, эконо­ми­калық, ішкі және сыртқы сая­си міндеттерді жүйелі шешумен айналысады.

Егер Марат Мұхамбет­қа­зы­ұлы бұған дейін атқарған қыз­мет­терді саралап көрсек, бұл ба­ғыттардың әрқайсысы оған етене екенін түсінуге болады. Тәжин кезінде Президент Әкімшілігінің талдамалық құрылымдарын да, Ұлттық қауіпсіздік комитетін де, Сыртқы істер министрлігін де басқарды.

 Өзі жүргізетін үдерістерге әрдайым байыпты ықпал ететін М.Тәжиннің Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің хатшысы болып келуінен осы орган жұмысының стратегиялық арнасының ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікке, сы­байлас жемқорлықпен күреске, ел қорғанысына жауап беретін мемлекеттік органдарға қатысты оның үйлестірушілік рөлінің де нығайтылуы күтіледі.

 Бұл тағайындау, сондай-ақ Мемлекет басшысының келесі жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығына әзірлік тұтастай алғанда табысты аяқталды деп санайтынын және сыртқы саясат ведомствосы атқар­ған зор жұмысты жоғары бағалайтынын білдіреді.      

Соңғы жаңалықтар