Марат Заиров «Нұрбанк» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Нұрбанк» АҚ-да Басқарма төрағасы ауысты.
None
None
Бұл жайлы бүгін Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін бұл қызметті Нұрмұхамед Бектемісов атқарып келген еді. «Нұрбанк» жетекшілігіндегі өзгерістер ? тұрақтандыру кезеңінің аяқталуы мен Банкті әрі қарай дамыту қажеттігінен туындап отыр. Директорлар Кеңесінің төрағасы Нұрәлі Әлиев наурыздың 2-сінде ресми түрде тағайындалған жаңа Басқарма төрағасын кеше ұжымға таныстырды. «Бүгінгі таңда «Нұрбанктің» жағдайы тұрақталып, шағын және орта бизнес секторында нарықта еркін дамуына негіз қаланды. Әлемдік стандарттарға сай тиімді корпоративтік басқару үлгісі енгізілді, салымшылардың, ішкі және институционалды инвесторлардың, сонымен қатар рейтингтік агенттіктердің көзқарасы өзгеріп, ең бастысы, банктің имиджі жақсара түсті. Нұрбанктің алғашқы оңды жаңалығының көрінісі ? ағымдағы рестайлинг болды. Оның басты мақсаты - жұмыс қағидаларын, ашықтық пен мөлдірлігін тағы да дәлелдей түсу», - дейді Марат Заиров. Оның айтуынша, бүгінгі таңда банктің тұрақты ұзақ мерзімді дамуының іргетасы қаланды. Ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы қайта жаңартылып, бөлшектік бизнес жұмысының жаңа қағидалары белгіленді. Сонымен қатар шағын және орта бизнес секторын дамытудың жаңа сапалы бастамасына ден қойылды. Марат Заиров бұған дейін 8 жылдан астам уақыт «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары боп жұмыс жасаған болатын. Онда шағын және орта бизнес, Бөлшектік және бөлімшелер жүйесіне басшылық еткен ол бұл тәжірибесін жаңа қызметте одан ары шыңдай түспек.
Соңғы жаңалықтар