Маратбек Рахметоллин XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері
АСТАНА. KAZINFORM — Жауынгерлік самбодан Маратбек Рахметоллин XII Дүниежүзілік ойындарында чемпион атанды.

Спортты дамыту дирекциясының мәлімдеуінше, Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында жауынгерлік самбодан сайыстар өз мәресіне жетіп, Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс медаль иеленді.
64 келідегі Маратбек Рахметоллин шешуші сында 7 дүркін әлем чемпионы, бейтарап спортшы Шейх- Мансур Хабибуллаға есе жіберіп، күміс жүлдені қанағат тұтты.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:
½ финал. Саяқ Бараканов (қазір чемпионатының 3 мәрте жүлдегері) — 4:2
¼ финал. Лукас Борегалес — ауырту әдісі.
Сонымен бірге، Қазақстанның ерлер құрамасы мен әйелдер құрама командасы — XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан ерлер құрамасы финалда Украинамен жолығып, 0:2 есебімен жол берді. Ал، әйелдер құрамасы финалда Өзбекстанмен кездесіп، 0:3 есебімен ұтылды.
Осылайша, 32 жылдан кейін Дүниежүзілік ойындар бағдарламасына қайта енген жауынгерлік самбодан жерлестеріміз 1 алтын, 3 күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, бұл спорт түрі 1993 жылдан кейін Дүниежүзілік ойындардың бағдарламасына қайта енгізілді.
Еске салайық, Дүниежүзілік ойындарының тарихында жерлестеріміз 1993 жылы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған болатын.
бұған дейін، Ұлбосын Әділова XII Дүниежүзілік ойындарында чемпион атанғанын жазған едік.