Мария Севостьянова таеквондодан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы ашық Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі.

Мария Севостьянова
Фото: ҚР ҰОК

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова чемпион атанды. 87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан күміс медаль иеленді.

Альтаир Өмірбеков (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) және Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Клубтар арасындағы Азия чемпионатына 14 елден 219 спортшы қатысып жатыр.

Осыған дейін Шымкент қаласында 1-5 мамыр аралығында таеквондодан (WT) жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтетіні туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар