Марк Шагалдың белгісіз «Революция» картинасы сатылуға қойылды

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Әйгілі суретші Марк Шагалдың бұл, бұрын еш жерде қойылмаған, «Революция» картинасы Bonhams аукционында импрессионизм және модернизм үлгісіндегі полотнолар саудасындағы топ-лотқа (үздік сату данасы) айналмақ. Сауда Лондонда, маусымның 22-сінде өтеді.

Марк Шагалдың белгісіз «Революция» картинасы сатылуға қойылды

Өте көлемді полотносында Шагал 1917 жылы өзі куә болған ресейлік оқиғаларды зерделеген. Картинада революция әскерлері де, тоғышар тұрғындар да көрініс тапқан. Туындыда Шагалдың «фирмалық белгілері»: ерлі-зайыпты мен ешкі бейнесі де бар.

Алғашында «Революция» 1937 жылы салынған деп есептелген-ді, алайда париждік Шагал Комитеті ғылыми ізденістері нәтижесінде суретші картинасын 1968 жылы бейнелеген деген тұжырымға келіп отыр. Кейіпкерлері кескініне, бояулар нақышыена және жалпы композициясына қарап, бұл еңбек Шагалдың сол кезеңдегі басқа да картиналарымен, мәселен «Соғыс» (1966) туындысымен ұқсас екен.

Шагал бұл туындысын ерекше жақсы көрген және оны француздық Сан-Поль-де-Вансе қаласында, 1985 жылы өмірден өткенінше үйінде сақтапты. Шагал Комитетінің мәлімдеуінше, суретші «Революциясын» өз өнерінің ең құнды дүниесі деп санаған.