Марқакөлде құстарды санап жүрген мамандар аюды кездестірген

АСТАНА. KAZINFORM — Марқакөл қорығында мамандардың назарына қоңыр аю ілікті. Кездесу құстарды есепке алу жұмыстары кезінде болған.

Жоңғар-Алатауында қоңыр аюға қатысты күтпеген жағдай болды
Фото: Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының мамандары құстарды есепке алу бойынша кезекті далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қоңыр аюды кездестірді.

Жабайы жануар табиғи мекендеу ортасында байқалып, мамандар оны қауіпсіз қашықтықтан бақылаған.

Мұндай кездесулер қорық аумағындағы жануарлар дүниесін бақылау және табиғи экожүйелердің жай-күйін зерттеу барысында тіркеліп отырады. 

Бұған дейін Марқакөлде Қызыл кітапқа енген сирек гүлдер өсетінін жазғанбыз.