Марқакөлдегі өртті сөндіруге 83 адам және 2 тікұшақ жұмылдырылды

АСТАНА. KAZINFORM — «Марқакөл орман шаруашылығы» КММ аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді.

Марқакөлдегі өртті сөндіруге 83 адам және 2 тікұшақ жұмылдырылды
Фото: Минэкология

Өртті сөндіру жұмыстары жетуі қиын аумақта жүргізілуде. Жұмыстарға орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелерінің күштері жұмылдырылған.

Өртті сөндіруге барлығы 83 адам, 10 өрт сөндіру техникасы және 2 тікұшақ тартылды. Оның ішінде орман күзетінен – 76 адам мен 8 техника, ТЖМ-нен – 7 адам мен 2 техника.

Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау шеңберінде тартылған тікұшақ жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай жұмылдырылған қызметтердің бақылауында.