Марқұм актер Вячеслав Тихонов Штрилицтің ролі үшін ФСБ сыйлығымен марапатталды

АСТАНА.  Желтоқсанның  24-і.  ҚазАқпарат -   Ресейдің Федералдық  қауіпсіздік  қызметі (ФСБ)  марқұм актер Вячеслав   Тихоновты      барлаушы Штирлицтің  ролі   үшін     арнайы сыйлықпен   марапаттады. 
None
None

«Актерлық   жұмыс»  аталымындағы   дәл осындай екінші  сыйлық  «жас  Штирлиц»  туралы  «Исаев»  сериалында   Максим Исаевтың   ролін ойнаған  Даниил Страховқа  берілді,   деп    хабарлайды «РИА  «Новости» агенттігі.

«Көктемнің 17 сәті» көп сериялы фильмінде Исаев-Штирлицтің рөлін сомдаған ресейлік атақты актер Вячеслав Тихонов желтоқсан  айының басында 82-ге қараған жасында дүниеден өтті.  Ол көптеген фильмдерде ондаған рөлдерді сомдады. 1970 жылы «Дүйсенбіге дейін аман болайық» фильмі үшін Мемлекеттік сыйлықпен, ал 1978 жылы «Көктемнің он жеті сәті» көпсериялы фильміне қатысқаны үшін РСФСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 1980 жылы оған «Ақ Бим Қара Құлақ» фильміне қатысқаны үшін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.  

Соңғы жаңалықтар