Марокко елордасының маңынан Араб Әмірлігі президентінің бауырының мүрдесі табылды

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Араб әлемінің ең бай және беделді адамдарының бірі және Біріккен Араб Әмірлігі президентінің бауыры шейх Ахмед бен Зайед әл-Нахайянның денесі сейсенбі күні Марокко елордасының маңындағы Схират-Темара префектурасындағы жасанды көлден табылды.
None
None

ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы жергілікті өкіметтік өкілдері мәлім еткен.

Шейх мінген планер тоғанға осыдан бірнеше күн бұрын құлаған болатын. Шейхпен бірге болған ұшқыш құтқарылды да, ал әл-Нахайянды бірнеше күн іздеген.

Опат болған шейх әлемдегі ірі инвестициялық қорлардың бірі Abu Dhabi Investment Authority қорының басшысы болатын.

Соңғы жаңалықтар