Марокко Еуропалық Одақтағы ең ірі тыңайтқыш жеткізушіге айналды
АСТАНА. KAZINFORM — Марокко Еуропалық Одаққа 103 млн еуро көлемінде тыңайтқыш экспорттап, ең ірі жеткізуші атанды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Бұл көрсеткіш бойынша Ресейден озып түсті. Ресей жаңа кедендік шараларға байланысты төртінші орынға төмендеді.
АЗЕРТАДЖ-тың хабарлауынша, Еуростат деректері бойынша, екінші орында – 51,3 млн еуро көлемінде экспорт жасаған Мысыр, үшінші орында – 50 млн еуромен Алжир тұр. Одан кейін Түркия (31,5 млн еуро) келеді. Бұған дейін Еуропаға тыңайтқыштың негізгі жеткізушісі болған Ресей тек 43,1 млн еуроға тыңайтқыш экспорттаған.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап Еуропалық одақ тыңайтқыш импортына қосымша баж салығын енгізді: азотты тыңайтқыштар үшін тоннасына 40 еуро, кешенді тыңайтқыштар үшін тоннасына 45 еуро, оған қоса бастапқы 6,5% кедендік алым сақталды. Бұл баж салығы 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен өсіп, сәйкесінше 315 және 430 еуроға жетеді деп күтілуде.
Айта кетелік Пәкістан Қазақстанда тыңайтқыш өндіруге ниетті.