Марокко королі Құрбан айтқа орай 1500-ден аса адамға рақымшылық жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Марокко Королі Мұхаммед VI Құрбан айт мерекесіне орай 1526 тұтқынға рақымшылық жасады, деп хабарлайды Анадолы.

Марокко королі Құрбан айт мерекесіне орай рақымшылық жариялады
Фото: Анадолы

Марокко Әділет министрлігінің мәліметінше, олардың ішінде 1305 адам жазасын түрмеде өтеп жатқан болатын.

Рақымшылық әртүрлі сот инстанциялары арқылы сотталған азаматтарға қатысты қолданылды.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарға адалдығын білдіріп, экстремизм мен терроризмнен бас тартқандар қатарындағы 15 сотталған азамат та кешірім алды.

Мароккода діни мерекелер қарсаңында амнистия жариялау дәстүрге айналған. Бұл шаралар корольдің конституциялық өкілеттігі аясында жүзеге асырылады және қоғамдық бейбітшілікті нығайту мен сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеуді мақсат етеді.

Бұған дейін Құрбан айттың алғашқы күнінде Түркияда құрбандық шалу кезінде жарақат алған 14 мыңнан аса адамға медициналық көмек көрсетілгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар