«Марсиандық кеменің» экипаж құрамы жарияланды
АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат - Ресей Ғылым академиясы Медико-биологиялық мәселелер институтының іріктеу комиссиясы Марс сапарын имитациялау жөніндегі 520 тәуліктік тәжірибеге қатысатын еріктілердің есімдерін жария етті,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
«Экипаж құрамына төрт ресейлік азамат - екі дәрігер - Сухроб Камолов пен Александр Смолеевский және екі инженер Алексей Ситёв және Михаил Синельников, екі еуропалық инженер - француз Ромен Шарль және ғарыш саласында жұмыс тәжірибесі бар итальяндық Диего Урбина, сондай-ақ ғарышкерлерді іріктеу жөніндегі қытайлық маман Ванг Ю кіріп отыр", - деп хабарлады сейсенбі күні баспасөз мәслихатында тәжірибенің ғылыми директоры дәрігер-ғарышкер Борис Моруков.
Маусымның 3-інде Медико-биологиялық институтта басталатын «Марс сапары» «Энергия» Зымыран-ғарыштық корпорациясының мамандары әзірлеген сценарий бойынша өтеді және жоғарыда айтып өткендей 520 тәулікке созылады.