09:51, 22 Ақпан 2016 | GMT +5
Мартин Мюррей: «Головкин - шаршы алаңда кездескендердің ішіндегі үздік қарсыласым»
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 жыл бұрын қазақстандық боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин британиялық Мартин Мюрреймен жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын. Британиялық спортшы әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында осыны өз жанкүйерлердің есіне салып, Геннадийді қарсыластарының ішіндегі ең үздігі екенін айтты, деп хабарлады sports.kz.

«1 жыл бұрын Головкинмен күш сынастым. Менімен шаршы алаңда кездескендердің ішінде ол - үздік қарсыласым», - деді Мюррей.