Мәртөк ауданында мұқтаж жандарға үй салынады

Жыл соңына дейін Мәртөк ауданында 16 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов айтты. Бұл туралы «Ақтөбе» газеті жазады.
Биыл мамыр айында аймақта тұрғын үй кластерін құру туралы меморандумға қол қойылғаны белгілі. Осы құжат аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен Хромтау ауданы әкімдігі арасында меморандум жасалса, кеше мұндай келісім аталған банк пен Мәртөк ауданы әкімдігі арасында жүргізілді. Бұл - тұрғын үйге мұқтаждар үшін жасалған меморандум.
Аудан орталықтарында салынатын жаңа үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі бойынша сатылады. Яғни, пәтер құны нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болады.
- Егер құрылыс компаниялары Мәртөк ауданында жаңа үйдің құрылысын жүргізсе, онда әрлеу жұмыстары жүргізілген пәтердің әр шаршы метрі 110 мың теңгеден кем болмайды. Жаңа үйдегі пәтер санына байланысты бұл баға өзгеруі де мүмкін. Әзірге жергілікті тұрғындарға 2 қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйдің жобасын таныстырмақпыз. Бұл жоба өзгеруі мүмкін. Өйткені банк пен жергілікті атқарушы орган бірлесіп аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді. Банкте салымы бар аудан тұрғындарының бұл жобаға алып-қосар ұсыныс-пікірлері тыңдалады, халыққа бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мүмкін тұрғындар 2 қабатты 6 пәтерлі тұрғын үй салуды көздейтін шығар. Осы жағы жан-жақты қарастырылады. Пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі бойынша сатылады. Мәселен, 4 миллион теңгеге бағаланған пәтердің жарты құнын сатып алушы банктегі өз есепшотына салуы қажет. Пәтер құнының қалған 50 пайызы банкте несие түрінде 3,5-8,5 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен рәсімделеді. Бұл - өте тиімді әдіс. Өйткені мұндай төмен пайыздық сыйақымен үй алу әдісі Қазақстннан өзге ТМД елдерінде жоқ. Бұл - еліміздегі ипотекалық несие берудегі ең төменгі пайыздық мөлшерлеме, - дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе филиалының сату және дамыту бөлімінің басшысы Талғат Өтебаев.
Қазіргі таңда Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 525 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 334-і - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар болса, 90-ы - мемлекеттік қызметкерлер, 101-і - әлеуметтік жағынан қорғалатындар санатындағылар.
- Соңғы үш жылда ауданда 11 адамға үй берілді. Құрылыс жүргізілген жоқ. Сол себепті кезектегі адам санын азайту мақсатында біз ауданға жеке құрылыс компанияларын шақырдық. Бұл қадамымызға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз қызығушылығын танытты. Қазір аудан орталығынан 2 қабатты 8 пәтерлі үй салуға жер белгіленді. Бұл аймақта болашақта 10 үйдің құрылысын салатын жер бөлінді. Жыл соңына дейін осындай екі үй салынады деп жоспарлануда. Бұл үйлер бірінші кезекте тұрғын үй кезегіндегі адамдарға, сондай-ақ ауданға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жастарға, Жайсаң арнайы мектебі мен осындағы көпсалалы колледждің тәрбиеленушілері мен түлектеріне берілмек. Бүгінгі күні колледждегі 29 балада «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» ашылған есепшот бар,- деді Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов.
Оның айтуы бойынша, биыл қыркүйекте 2 қабатты 8 пәтерлі бір үй пайдалануға берілмек. Әрбір пәтерде екі бөлмеден болады. Дәл осындай екінші үй жыл соңына дейін тапсырылмақ. «Алдағы аптадан бастап тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мұндай жиынға банкте салымы бар аудан тұрғындары шақырылады. Колледж тәрбиеленушілерінен бөлек, қазір ауданда 100-ден астам адамның банкте салымы бар», - дейді аудан әкімі.
Н.Қалауовтың айтуынша, жаңа үйдің құрылысы шілде айында басталады.
- Әзірге осы жобаны тұрғындар назарына ұсынамыз. Егер аудандағы банк салымшылары пәтердің көлемін ұлғайтқысы келсе, онда жобаға өзгерту жасалады. Тұрғын үй тұрғындардың қалауы бойынша салынады, - дейді Н.Қалауов.
Ауданда тұрғын үйдің құрылысын «Техно Групп Строй» ЖШС жүргізеді.
Қазір Мәртөк ауданының орталығына ауылдық жерден қоныс аударушылар көп болғанмен, өзге жаққа көшіп кетушілер сиреген.
Айта кетейік, Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметтері бойынша, ауданда аз қамтылған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
1. Жұмыспен қамту.
Өңірде жұмыссыздықтың өсуін болдырмау мақсатында 2016 жылға халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Мәртөк ауданның Кешенді жоспары жасақталып, бекітілді.
Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында аудан бойынша халықты жұмыспен қамтамасыз етуге 2016 жылға арналған Кешенді жоспар құрастырылып, аудан әкімінің қолымен бекітілді.
Жоспар бойынша 2016 жылы 1189 адам жұмыспен қамтылады, оның ішінде жұмыссыздар-776, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар-413, оның ішінде:
- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде -15 адам, оның ішінде 1 жоба -«Кандула» ЖШС, 1 жоба» жетіспейтін инженерлі инфрақұрылымды тартуға Саржансай аулы- 12 адам. Орындалуы 1 жоба бойынша 3 адам жұмысқа орналасты.
- «Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде 4 адам, оның ішінде 3 жоба: 500 басқа репродуктор құрылысы- 2 адам, сүт дайындау пункті- 1 адам, 100 сауынды сиырға сүт тауарлар фермасының құрылысы- 1 адам. Орындалуы 1 жоба бойынша 2 адам жұмысқа орналасты.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 154 адам, оның ішінде:
1- Бағыт: Кызылжар орта мекетібінің күрделі жөндеу жұмыстарына -11 адам, Саржансай орта мекетібінің күрделі жөндеу жұмыстарына-11 адам, родников ауылдық клубының күрделі жөндеу жұмыстарына-7 адам. 1 жартыжылдықта Қызылжар және Саржансай орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 22 адам жұмысқа орналастырылды.
2- Бағыт: кәсіпкерлік негіздеріне 18 адам оқыту, шағын несие алуға -45 адам. Есепті кезеңге 45 адам 112,2 млн теңгеге шағын несие алды.
3- Бағыт: кәсіптік оқуға /10 ай/- 10 адам, қайта даярлау курстарына /3 ай/ -14 адам, оның ішінде /55-64 жас аралығында/-4 адам. Есепті кезеңге 5 адам оқуға жіберілді. 1-уі тұрақты жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындарына -13 адам, 2016 жылдың 1 шілдесіне 24 адам жіберілді
жастар тәжірибесіне-25 адам, есепті кезеңге 22 адам жіберілді.
«Аумақтарды дамыту» бағдармасы шеңберінде-1008 адам, оның ішінде 38 адам:
- Аққаин орта мекетібінің құрылысы-20 адам, Жайсаң ауылына газ құбырының құрылысы-9 адам, Мәртөк селосында отбасылық бейне түрінде балалар үйінің құрылысы-2 адам, «Балбөбек бала-бақшасын газдандыруға-2 адам, Саржансай орта мектебін газдандыруға-2 адам, Мәртөк ауылында жаңадан салынған 129 учаскені газдандыруға-3 адам. 2016 жылдың 1 шілдесіне орындалуы Аққаин орта мекетібінің құрылысына 7 адам, Мәртөк селосында отбасылық бейне түрінде балалар үйінің құрылысы-2 адам орналастырылды.
- Тұрақты жұмыс орындарына-460 адам орналастыру,
- Әлеуметтік жұмыс орындарына-70 адам, жастар тәжірибесіне-75 адам,
- Ақылы қоғамдық жұмыстарға-350 адам,
- Қайта даярлау курстарына-7 адам.
- Жеке жұмысқа орналастыру-8 адам
«Басқа бағдарламалар» шеңберінде 1 жоба-8 адам, орналастырылғаны 8 адам,
- Жасыл ел-8 адам, орналастырылды -8 адам.
2016 жылдың 1 шілдесіне кешенді жоспардың орындалуы - 628 адам, немесе 52,8%, оның ішінде:
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 122 адам.
«Аумақтарды дамыту» бағдармасы шеңберінде-485 адам:
- Тұрақты жұмыс орындарына-237 адам,
- жастар тәжірибесіне-20 адам,
- Ақылы қоғамдық жұмыстарға-219 адам.
Ауданда есепті кезеңде 6 бос жұмыс орындар жәрмеңкелер өтті. Өткізілген жәрмеңкеге 30 жұмыс берушілер және 200 жұмыссыз жұрген адамдар қатысып, нәтижесінде 57 адам - жұмысқа орналасты, 61 адам - қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 8 адам жастар тәжірибесіне жолданды.
Халықты жұмыспен қамту бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 2016 жылдың 1 жартыжылдығында аудан бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 35 адам санымен 0,2 % -ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңі деңгейінде.
2.Әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары.
Есепті кезеңге аудан бойынша отбасының жиынтық табысы белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтары мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған жоқ.
Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 435 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 1177 балаға 13459,7 мың. теңге көлемінде жәрдемақы төленді.
Тұрғындардың әлеуметтік қорғау санатына жататын жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді:
- Облыстық және аудандық мәслихат шешімдеріне сәйкес, ауданның 1582 азаматтардың жекеленген санаттарына 23075,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді. Оның ішінде,
- 9 үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу мерзіміне айына 2121 /1АЕК/ теңгеден 99,7 мың теңгеге.
-аудандығы Ұлы Отан соғысының ардагеріне айына 8,0 мың теңгеден әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеруге 48,0 мың теңгеге.
Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын (туберкулез, онкологиялық) 97 адамға 6467,3 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.
- 9 мамыр-Женіс күніне біржолғы әлеуметтік көмек барлығы 974 адамға 11445,0 мың теңгеге.
-өмірдің қиын жағдайына байланысты, мүмкіндігі шектеулі адамы бар 1 отбасыға біржолғы әлеуметтік көмек 148,0 мың теңгеге.
- облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша емделуге барған 13 азаматтың жол шығыны 222,0 мың теңгеге.
-білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет саласының 52 қызметкерлеріне отын сатып алуға 156,0 мың теңгеге.
435 аз қамтылған отбасыларға, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алатындарға, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 4640,0 мың теңге жәрдемақы төленді.
Аудан мекеме, кәсіпорын, кәсіпкерлер тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмек мөлшері 4886 адамға 4640,0 мың теңге құрады.
Осыған орай, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Өрлеу» жобасына қатысушылармен жұмыс істеуге жәрдемдесу үшін кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан сатып алынатын өтеулі қызметтер көрсету шарты негізінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі 1 консультант пен 7 ассистенттердің көрсетілетін қызметтерін сатып алды.
3.Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы.
Мәртөк ауданы бойынша 2016 жылдың 1 жартыжылдықта барлық санаттар бойынша мүгедектердің саны 849 адамды құрады, оның ішінде бірінші топ - 68, екінші топ - 366, үшінші топ бойынша - 325, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар - 90 адам.
Жыл басынан жүргізілген жұмыстар төмендегідей:
- «Ақбөбек» және басқа республикалық оңалту орталықтарына мүмкіндігі шектеулі 27 бала жіберілген.
- Мәртөк аудандық мәслихатының шешімдері негізінде 9 мүгедек-балаға 80,5 мың теңге сомасында (ай сайын 1 АЕК көлемінде, 2016 жылы 2121 теңгені құрады)
- көмекші (13), кресло-арбалармен (6), протездік-ортопедиялық көмекпен (43), сурдо (0), тифлотехникалық құралдармен (3) 65 мүгедек адам қамтамасыз етілді.
- гигиеналық құралдармен 37 мүгедек 5286,7 мың теңгеге қамтамасыз етілді.
- санаторлық-курорттық сауықтыруға 23 адамға жолдама берілді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 «Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы қабылданып аудан әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы №94 «Мәртөк ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізілуде.
Жалпы 2016 жылдың 1 жартыжылдықта жұмыспен қамту органдарына 8 мүгедек адам жұмыс іздеу мақсатымен жүгінген. Квота бойынша 3 мүгедек бос жұмыс орындарының вакансияларына орналастырылды 5 ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылды.
Мүгедектерді рекрациялық объектілерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, 2016 жылда 2016 жылы 10 нысанға бейімдеу жұмысы жоспарланған.
Аудан бойынша есепті жылы 26 әлеуметтік қызметкерлер 152 жалғыз басты қарттарға, оның ішінде 5 мүгедек адамдарға және 15 мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет түрін көрсетеді.
4. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және әлеуметтік серіктестік.
2013 жылдың 4 наурызында аудан әкімдігі, кәсіподақтардың аудандық кеңесі және жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы 2013 - 2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын айқындайтын келісімге қол қойылып, жұмыстар жүргізілуде. 2013-2015 жылдарға арналған аудандық үш жақты келісімді жүзеге асыру бағытындағы комиссия отырысының 2016 жылға жұмыс жоспары 18 қаңтардағы кезекті комиссия отырысында қаралып, хаттамамен бекітілді.
1 жартыжылдықта аудандық үш жақты комиссияның 9 отырысы өткізілді (6 кезекті, 3 кезектен тыс), онда 19 сұрақ қаралды. Еңбек шиелінісінің алдын алу және даулы мәселелерді шешудің тәжірибелері туралы жұмыстар әр комиссия отырысында тараптар төрағаларымен талқыланып отырады.
Мәртөк ауданы бойынша өңірлер әкімдері және кәсіпорындар басшылары арасында еңбек құқықтарын тұрақтандыру және жұмысшылар кепілдемесі мәселелері бойынша өзара әрекеттесу туралы 97 меморандум жасалып (оларда адам саны - 1378), олардың ішінде 1 ірі, 2 орта және 94 кіші кәсіпорындар. Меморандумдардың орындалуы бақылауда.
Ұжымдық шарттық қарым қатынас жүйесі бойынша жұмыстар ұжымдық шарттардың мерзімдеріне, өзгерістер енгізуге талдау жасауға бағытталды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде нақты есептер жинақталды. Есепті кезеңге 115 мекеме ұжымдық шарт жасап, тіркеуден өткізілген. Мерзімдеріне бақылау жүргізіліп, белгіленген уақыттарымен жаңдандару жұмыстары жүргізілуде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары және жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша жүргізілген жұмыстар. Есепті мерзімге бөліммен 2009 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 876 қызмет, «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы 360 қызмет, 773 қызмет бөлім арқылы көрсетілді.
1 жартыжылдықта бөлімге 10 өтініш түсті, оның ішінде 3 заңды және 7 жеке тұлғалардан. Өтініш қаңағаттандырылып, тиісті заңнамалық тәртіппен жауап берілді.
6. Қаржы игеру жұмыстары.
Бөлім бюджет бағдарламалары бойынша 2016 жылға әлеуметтік қолдау шараларына 196 994,0 млн. теңге нақтыланып, бекітілді. 1 жартыжылдықта 84 731,9 млн. теңге қаржы, заңнамалық тәртіппен игерілді.