Мас күйінде автокөлік айдап, бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мас күйінде автокөлік айдап, жол-көлік оқиғасын жасап, басқаларға материалдық шығын келтірген В.Жидковқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сотта Жидковтың досының қызы дүниеге келгенін тойлап, автокөлік руліне мас күйінде отырып, ақырында екі бірдей автокөлікпен соқтығысуға жол бергені анықталды. Ол ішімдіктің кесірінен не істегенін есіне түсіре алмады. Істі қарау нәтижесі бойынша В.Жидков 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.