16:04, 19 Наурыз 2017 | GMT +5
Мас жүргізуші қаққан екі адам оқиға орнында ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябі Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының қызметкерлері екі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған жүргізушіні ұстады, деп хабарлады РФ Челябі облысы бойынша ІІБ баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы жексенбіге қараған түні Комаров көшесінде болған. 1985 жылы туған ер адам және жасы шамамен 30-40-тағы аты-жөні анықталмаған азамат апат құрбандары болды. Олар бағдаршамы жоқ жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан.
Жаяу жүргіншілер жедел жәрдем келгенше бақилық болды. ВАЗ-21103 көлігінің жүргізушісі оқиға орнына қашып кеткен.
Іздестіру шаралары барысында құқық бұзушының алкогольді ішімдікке мас болғаны анықталды. Сондай-ақ, ол бұрын көлік жүргізу куәлігінен айырылған.