Мас жүргізуші көлігімен жекеменшік үйдің қабырғасын қиратып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Самара облысында жүргізуші көлікті басқару тетігіне ие бола алмай, жекеменшік үйдің қонақ үй бөлмесін тесіп өткен.
None
None

ІІМ облыстық басқармасы басшысының хабарлауынша, апат кеше кешке Кинеле қаласында Золинская мен Ново-Садовый көшелерінің қиылысында орын алған. Lada Priora жүргізушісі 1987 жылы туған, жергілікті тұрғын. Қатты жылдамдықпен келе жатқан азамат жол жиегіне шығып кеткен. Көлік металл қоршауды қиратқан бойы үйдің қабырғасына соғылған.

Сараптама көрсеткендей, жүргізуші мас болған.

Тексеру материалдары сотқа жолданды, жүргізуші шешім шыққанға дейін қамауда болады.

Соңғы жаңалықтар