Мас жүргізуші өзінің отбасын өлтіре жаздады - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Май аудандық сотының шешімімен Көктөбе ауылының тұрғыны төрт жылға көлікті жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Ішімдікке тойып алған азамат көлігін оталдырып, ішіне зайыбы мен екі кішкентай баласын отырғызды. Оны басқара алмай, жолда аударылып қалды - жол-көлік оқиғасының салдарынан оның зайыбы зардап шекті, баласының аяғы сынды.
Айыпталушының әрекеттері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 467 бабындағы 3 бөлімімен қарастырылған.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.