Машинистерге арналып биіктігі 3 метрден асатын ескерткіш орнатылды

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Ақтөбенің локомотив пайдалану депосында машинистерге биіктігі 3 метрден асатын ескерткіш ашылды, деп хабарлайды «Локомотив» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Ескерткіш қызмет киімін киіп, қолына арнайы сумка-жәшігін ұстаған машинист түрінде жасалған. Мүсін темір-бетоннан жасалып, қоламен қапталған, делінген хабарламада.

Ескерткіш орнату идеясын Ақтөбе локомотив депосының жұмысшыларыі мен ардагерлер кеңесі ұсынған. Қазақстанның теміржол көлігінің тарихы дәл осы жерде - Ақтөбеде басталады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Локомотив машинистері теміржолшылар қатарының авангардын құрап отыр. Бұл - теміржол көлігіндегі басты тұлға және №1 мамандық», - деп мәлім етті «Локомотив» АҚ бірінші вице-президенті Қазезхан Жұматаев ескерткішті ашу рәсімінде.

Соңғы жаңалықтар