Мәсімов Қазақстан Триатлон федерациясының президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәрім Мәсімов Қазақстан Триатлон федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
None
None

Оның кандидатурасын бүгін өткен Федерация конференциясында таңдады.

Конференция жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ Федерация мүшелері, құраманың жаттықтырушылар құрамы, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиадалық комитеттің өкілдері қатысты.

К.Мәсімов өзінің сөзінде аймақтардағы спорт түрлерінің дамуына баса назар аудара отырып, федерацияның алдағы уақыттағы міндеттерін белгіледі.

«Триатлон - біздің елімізге кейін келген спорт түрі, сондықтан оның дамуы әлі бастапқы кезеңде. Бұл спорт түрінің жоспарлы және кешенді дамуын қамтамасыз ету қажет және аталған жұмыс болашақта өз нәтижесін береді», деді К.Мәсімов.

    Басқосуда ұйымның қызметі туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар Федерацияның басқару органдарының жаңа құрамы жасақталды.        

Соңғы жаңалықтар