Маск: Егер Трамп жеңілсе, бұл АҚШ-тағы соңғы сайлау болады

АСТАНА. KAZINFORM – Қараша айында өтетін АҚШ президенттік сайлауда республикашыл кандидат Дональд Трамп жеңіліп қалса, бұл АҚШ үшін соңғы сайлау болуы мүмкін. Мұндай пікірді Илон Маск білдірді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Илон Маск
Фото: politico

«Егер Трамп сайланбаса, бұл соңғы сайлау болатынын америкалықтардың өте аз бөлігі ғана түсініп отыр. Ол демократияға қауіп төндірмейді, керісінше, оны құтқара алатын жалғыз адам», - деп жазды Маск X әлеуметтік желісінде. 

Масктың пікірінше, егер Демократиялық партияның кандидаты Камала Харрис президенттік сайлауда жеңіске жетсе, заңсыз иммигранттар елге келуін жалғастырып, бірте-бірте келесі сайлауда азаматтық пен дауыс беру құқығына ие болады. Осылайша, кәсіпкер мигранттардың дауысына ие болған Демократиялық партия төрт жылдан кейін бәсекелестіктен шығып, АҚШ-тағы жалғыз сайлау демократтар праймеризі болады деп есептейді. 

Миграциялық дағдарыс АҚШ-тағы қазіргі сайлау науқанының басты тақырыптарының біріне айналды. Кезекті президент сайлауы 5 қарашада өтеді. Республикашылдар демократтарды заңсыз иммиграциямен байланысты проблемалар күрт нашарлады деп айыптап отыр. 

Kazinform үшін арнайы ТАСС серіктес агенттігі ұсынған.

Соңғы жаңалықтар