«Маск кетуі керек»: Нью-Йорктегі Tesla салонында наразылық білдірушілер ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Маск пен Трамп әкімшілігінің саясатына наразылық білдірушілер Манхэттендегі Tesla дилерінің алдына жиналды, деп хабарлайды Анадолы.

«Маск кетуі керек»: Нью-Йорктегі Tesla салонында наразылық білдірушілер ұсталды
Фото: Анадолы

Нью-Йорк полициясы кәсіпкер және АҚШ үкіметтік тиімділік департаментінің (DOGE) басшысы Илон Маскқа тиесілі Tesla дилерінде наразылық білдірген бір топ белсендіні ұстады.

Кейбір наразылық білдірушілер көлік сататын дүкенге басып кірген, полиция көп өтпей оларды қолға түсірді.

Автосалонның алдында жиналғандар «Маскты ешкім таңдаған жоқ» және «Маск кетуі керек» деп ұранды.

Айта кетейік, Илон Маск Дональд Трамп саясатының кесірінен байлығының төрттен бірін жоғалтты. 

 

Соңғы жаңалықтар