Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалында Абай және А.С.Пушкин оқулары өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалында Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында бүгін «Абай және Пушкин: мәдениеттер диалогы» деген тақырыпта «дөңгелку үстел» отырысы өтті.
None
None

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты - зияткерлік дамудың негізін құрайтын жасампаз оқу мен сапалы білімге қолдау көрсету.

Шара барысында еуразияшылық проблемалары бойынша жарыссөздер өтті, сондай-ақ екі тілде Абай мен Пушкин туындылары оқылды, ұлы сөз шеберлерінің шығармашылығына арналған слайдтар көрсетілімі болды.

Бұл шараға филиалдың оқытушылары мен студенттері, Қазақстан халқы Ассамблеясының және елордалық тілдерді дамыту департаментінің өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар