Мәскеу метросында қуатты жарылыс болды, қаза тапқандар бар

АСТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Мәскеу метросында жарылыс болды.

Мәскеу метросында      қуатты жарылыс  болды,     қаза  тапқандар  бар

«Лубянка» стансысында пойыз вагонында болған жарылыстың салдарынан қаза тапқандар бар, бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.

«Жарылыс пойыздың үшінші вагонында орын алған деген пайымдаулар айтылуда. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, «жедел жәрдем көліктері жетті», деп хабарлайды құқық қорғау органдарындағы дерек көз.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттар басқармасының жетекшісі Рина Адрианованың хабарлауынша, жарылыс салдарынан, алдын-ала мәліметтер бойынша, 26 адам мерт болған: 15-і - пойызда, 11-і - платформада қаза тапқан.

«РИА «Новости» агенттігі оқиғаның мән-жайы туралы әзірге ешқандай ресми мәлімдеменің жоқ екенін хабарлап отыр.