Мәскеу Пасха мерекесінде және Жеңіс күні мейрамында қауіпсіздік шараларын күшейтеді

АСТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Мәскеу Пасха мерекесінде және Жеңіс күні мейрамында қауіпсіздік шараларын күшейтеді,

Мәскеу Пасха мерекесінде   және Жеңіс  күні   мейрамында   қауіпсіздік   шараларын күшейтеді

деп мәлім етті қала мэрінің бірінші орынбасары Петр Бирюков.

«Тек метрода ғана емес, сонымен бірге теміржол вокзалдарында, жерүсті көліктерінде, автобустар мен троллейбустарда қауіпсіздік шараларын және тексерулерді күшейту жөніндегі жоғары міндет қойылып отыр. Бұл шаралардың барлығын тек бүгін және ертең ғана жүргізіп қоймаймыз, Пасха мерекесінде де, мамырдың 9-ындағы Жеңіс күні мейрамында да жүргізетін боламыз», деді П.Бирюков телеэфирде жасаған мәлімдемесінде.

«Маяк» радиостансысының ақпараты бойынша, Мәскеу метросындағы лаңкестік шабуылдарды тексеру үшін 30 - дан астам тәжірибелі тергеушілер мен кримиалистерден жедел тергеу тобы жасақталып отыр. Лаңкестік әрекеттерді жанкешті әйелдердің жасағанына тергеушілердің күмәні жоқ.