Мәскеуде 16 қарашада ЕАЭО премьер-министрлері отырысында жаңа Кеден кодексі келісілуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық одақ елдері үкіметтерінің басшылары Мәскеуде 16 қарашада ЕАЭО жаңа Кеден кодексінің мәтінін түпкілікті келісуді қарастыруы мүмкін.

Мәскеуде 16 қарашада ЕАЭО премьер-министрлері отырысында жаңа Кеден кодексі келісілуі мүмкін

Бұл туралы Мәскеуде 11 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлімдеді, деп хабарлайды ИА REGNUM.

Саркисянның айтуынша тараптардың 2-3 мәселені ғана келісуі қалды, сосын жаңа Кедендік кодекс астанаға Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына  келетін Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения  үкіметтері басшыларының қарауына енгізілуі мүмкін.

Бұрын хабарланғандай, ЕАЭО үкіметтерінің басшылары Минскідегі саммитте жаңа КК жобасын қарастырып, құжатты пысықтауды тапсырған. Жаңа кодекс 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі мүмкін.

Жаңа кодексті әзірлеушілердің пікірінше,  ол сыртқы экономикалық қызметтің тетіктерін айтарлықтай жақсартады.