Мәскеуде бірнеше қабатты автотұрақтың төбесі ортасына түсті

АСТАНА.  Қыркүйектің 3-і.  ҚазАқпарат -   Мәскеудің орталығында    төбесі  ортасына   құлаған   автотұрақтың   үйінділерінің астынан   төртінші    зардап шегуші   алып шығарылды,  
None
None

үйіндінің астында   адам қалған жоқ, деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС   Мәскеудің  Төтенше жағдайлар   басқармасының   баспасөз қызметінің  басшысы Евгений Бобылевке сілтеме  жасап.

«Жаңа  ғана  үйінділердің астынан   бір ер азамат алып шығарылды.  Ол  сынық жарақаттарымен  ауруханаға    жеткізілді»,  -  деді Е.Бобылев.        Оның айтуынша,   үйіндінің астында басқа адам қалған жоқ.

Оқиға салдарынан  барлығы 4 адам  зардап шегіп  отыр,  олар   жерасты екіқабатты  паркингтің  құрылысында  жұмыс істеп  жатқан. Барлығы    Беларус  азаматтары.

Бүгін таңертең, мәскеу уақыты  бойынша  сағат  08.47-лерде  автотұрақтың  төбесі,  барлығы 600 шаршы метрдей аудан   ортасына  түсіп,  құрылысшыларды басып қалған.    Төтенше жағдайлар  өкілінің   хабарлауынша, жерасты  паркингі -  салынып жатқан  іскерлік  орталықтың  ауласында орналасқан.    Барлық құрылыс  жұмыстарын  австриялық фирма     жүргізген.  «Алдын  ала мәліметтер бойынша,    оқиғаға    құрылыс  жұмыстарын   жүргізу  технологияларын  бұзу фактілері себеп болған»,  деп   хабарлады Төтенше жағдайлар басқармасының  өкілі.

Соңғы жаңалықтар